Бүгін республиканың шығысында қатты жел тұрып, бұрқасын болады - «Қазгидромет»

АСТАНА. Қаңтардың 15-і. ҚазАқпарат - Жұма, қаңтардың 15-і күні Қазақстанының басым аймағы атмосфералық ағым бөліктерінің ықпалында болады.

Бүгін республиканың шығысында қатты жел тұрып,  бұрқасын болады - «Қазгидромет»

Антициклондар республиканың тек батыс аумақтарына әсер етеді деп болжануда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мәселен, Шығыс Қазақстан облысында 18-23 м/с жылдамдықта жел тұрады деп күтілуде, Жарма ауданында оның екпіні 23-28 м/с-қа жетіп, түнде кей жерлерде қатты бұрқасындатады. Павлодар облысында - бұрқасын, кей аумақтарда 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды және Қызылорда облыстарының кей аумақтарында - боран соғып, секундына 15-20 метр жылдамдықта жел болады.

Жамбыл және Оңтүстік Қазақстанда кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің екпіні 15-20 м/с.

Атырау және Маңғыстау облыстарының кей желдерін тұман басады деп болжануда.

Ал Алматы облысында түнде кей аумақтарда тұман, көктайғақ болады деп күтілуде.