Бүгін республиканың солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде жел тұрып, көктайғақ, тұман болады
АНА. 18 қараша. ҚазАқпарат - «Қазгидрометтің» болжауынша бүгін, 18 қараша күні Қазақстанның солтүстік, орталық және шығыс өңірлері атмосфералық ағымдар ықпалында болады. Республиканың қалған аумақтарына жоғары атмосфералық қысым әсер етеді.
Мәселен, Батыс Қазақстан, түнде Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман болады.
Ақмола, Ақтөбе, Атырау облыстарында, сондай-ақ тұман, 15-22 м/с екпіндете жел соғады.
Түнде Қостанай, Солтүстік Қазақстан аймақтарының жекелеген жерлерінде көктайғақ күтілуде, секундына 15-20 метр жылдамдықта жел соғады.
Павлодар облысында кей жерлерде жел екпіні секундына 15-20 метрді құрайды.
Қарағанды облысының кей аумақтарында тұман, көктайғақ, секундына 17-22 метр күшті жел тұрады.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде - көктайғақ, 17-22 м/с екпіндете жел көтеріледі.