Бүгін Рождество күні мерекелік шаралар өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 7 қаңтарда барша әлемнің православ христиандары Рождество мерекесін атап өтеді.

Бүгін Рождество күні мерекелік шаралар өтеді

Астанада Рождество мерекесіне орай мерекелік шаралар таңертең сағат 9.00 таңғы мерекелік литургиядан кейін басталады, ал сағат 11:00 Қазақстан православиелік шіркеуі мен мемлекеттік билік өкілдерінің құттықтау рәсімі өтеді. Мереке соңында сағат 17:00 Успен кафедралды соборында рождестволық кеш ұйымдастырылады.
Сонымен қатар, Астанада мерекелік рождестволық шаралар да өтеді. 7 қаңтарда сағат 13:00 әулие Кирилл мен Мефодий атындағы рухани-мәдени орталығының үлкен концерт залында (6 ш/а, Күйші Дина к-сі) балаларға арналған Рождестволық шырша ұйымдастырылады. Ал сағат 18:00 көпшілік назарына рождестволық концерт ұсынылады.
10 қаңтарда сағат 12:00 жексенбілік мектептердің православиелік Рождестволық фестивалі, сағат 18:00 Астаналық православиелік жастар қозғалысы әзірлеген «Рождество по-болгарски» рождестволық концерті ұйымдастырылады.
Еске салайық, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 96-бабына сәйкес, Құрбан айт және Рождество діни мерекелері ресми мерекелерге жатпайды, бірақ демалыс күндері болып саналады. Осыған орай, 7 қаңтар күні қазақстандықтар демалады.