Бүгін, сағат 21.35-те Мемлекет басшысының қазақстандық телеарна журналистерімен сұхбаты көрсетіледі
АСТАНА. 29 желтоқсан. ҚазАқпарат - Кеше, 28 желтоқсан күні Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада қазақстандық телеарна журналистерімен сұхбаттасты.
Еркін әңгіме форматында өткен жылы шырайлы жүздесуде елдегі белгілі 8 арнаның тележурналистері Елбасына көкейде жүрген өткір де, өзекті сауалдарын қойды.
Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың қазақстандық телеарна журналистерімен болған сұхбатының толық нұсқасы бүгін, кешкі сағат 21.35-те «Қазақстан» Ұлттық арнасында көрсетіледі.