Бүгін Сенатта 3 заң жобасы қаралады

АСТАНА. Сәуірдің 27-сі. ҚазАқпарат. Бүгін, сәуірдің 27-сінде түстен кейін Сенат Төрағасының Өкіміне сәйкес Сенаттың кезекті отырысы болады,

Бүгін Сенатта 3 заң жобасы қаралады
деп хабарлайды ҚазАқпарат Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Онда Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мақұлдаған «Қазақстан Республикасының Үкіметі, Ресей Федерациясының Үкіметі және Түрікменстан Үкіметі арасындағы Каспий жағалауы газ құбырын салудағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмыспен қамту және міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары бірінші оқылымда қаралса, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңының жобасы екінші оқылымда қаратын болады.Сондай-ақ Парламент Мәжілісі мен Сенаты арасындағы келіспеушіліктер туындаған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша келісім комиссиясының құрамына Сенат депутаттары сайланады.