Бүгін шаршы алаңға шығатын боксшыларымыздың қарсыластары кімдер

Бүгін, яғни 31 тамыз күні жұдырықтасатын отандастарымыздың қарсыластары толығымен белгілі. Айталық, бүгін жерлестерімізден (Астана уақыты бойынша сағат 22:00, алғашқы сессия) 49 келі салмақта Жомарт Ержан бірінші болып шаршы алаңға шығады. Оның қарсыласы кубалық Жоанис Аргилагос болмақ. Ал 56 келі салмақта Қайрат Ералиев ұлыбританиялық Питер Макгрейлмен жұдырықтасса, 75 келі салмақтағы боксшымыз Әбілхан Аманқұл әзербайжан боксшысы Камран Шахсуварлымен қолғап түйістіреді. Сонымен қатар 91 келі салмақта ел намысын қорғайтын Василий Левит кубалық Эрисланди Савонмен жекпе-жекке шығатын болады.
Ал екінші сессия 1 қыркүйек күні (Астана уақыты бойынша сағат 22:00-де) өтеді. Бұл күні 69 келі салмақта Абылайхан Жүсіпов өзбекстандық былғарықолғап шебері Шахрам Гиясовпен жұдырықтасса, +91 келі салмақта Қамшыбек Қоңқабаев камерундық Арсен Фокумен қолғап түйістіреді.
Фото: Данияр Майлыбаев