14:25, 29 Тамыз 2017 | GMT +5
Бүгін ширек финалдағы жеті боксшымыз да шаршы алаңға шығады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Германияның Гамбург қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алған жеті боксшымыз да шаршы алаңға шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның төртеуі күндізгі сессияда жұдырықтасса, үшеуі кешкі сессияда өнер көрсетеді.
Күндізгі сессия - 18:55 Live
49 кг - Жомарт Ержан
56 кг - Қайрат Ерәлиев
75 кг - Әбілxан Аманқұл
91 кг - Василий Левит
Кешкі сессия - 22:55 Live
69 кг - Абылайхан Жүсіпов
+91 кг - Қамшыбек Қоңқабаев
81 кг - Ерік Әлжанов
Жекпе-жекті «КazSport» арнасынан тікелей эфирде көруге болады.