Бүгін ШҚО және Қарағанды облыстарында жел тұрып, күн бұрқасындатады

АСТАНА. Қаңтардың 16-сы. ҚазАқпарат - «Қазгидрометтің» болжауынша, сейсенбі, қаңтардың 16-сы күні Қазақстанның солтүстік бөлігінің ауа райы антициклонның ықпалында болады, ал республиканың оңтүстігі атмосфералық ағымдар бөліктерінің әсеріне ұшырайды,

Бүгін ШҚО және Қарағанды облыстарында жел тұрып, күн бұрқасындатады

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мәселен, Шығыс Қазақстан, түнде Қарағанды облыстарының кей жерлерінде бұрқасындатып, 15-20 м/с жылдамдықта жел тұрады деп күтілуде.

Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында кей жейрлерде - тұман, көктайғақ болады.

Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Маңғыстау және Қызылорда облыстарының кей аумақтарын тұман басады деп болжануда.

Сондай-ақ алдағы үш тәулікте Қазақстанның су айдындарының көбісінде мұз қату үрдісі жалғасатын болады. Республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығысындағы жекелеген өзендерде су деңгейінің көтерілуі ықтимал.