Бүгін Сингапур Республикасының Ұлттық мейрамы - Республика күні
АСТАНА. 9 тамыз. ҚазАқпарат - Бүгін Сингапур Республикасының Ұлттық мейрамы - Республика күні. 1965 жылғы 9 тамызда Малайзия Федерациясынан Сингапур бөлініп шықты.
Сингапур - Азияның оңтүстік-шығысында орналасқан мемлекет. Астанасы - Сингапур қаласы. Мемлекет тілі - ағылшын, қытай және малай тілдері. Ақша бірлігі - сингапур доллары.
Қазақстан Республикасы мен Сингапур арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1993 жылғы 30 наурызда орнатылды.