Бүгін «СК-Фармация» ЖШС медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу ережесін түсіндіру жөнінде әлеуетті жеткізушілермен кездесу өткізді
АСТАНА. 23 тамыз. ҚазАқпарат. Бүгін «СК-Фармация» ЖШС Бірыңғай дистрибьюторының конкурстық комиссия мүшелері дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу ережесін түсіндіру жөнінде әлеуетті жеткізушілермен кездесу өткізді.
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуды бойынша конкурстың ашықтығын қамтамасыз ету үшін «СК-Фармация» ЖШС екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып тендер өткізеді.
Бірінші кезеңде тендерлік өтінімнің қолданыстағы заңнаманың көрсетілген талаптарына сәйкестігі тексеріледі. Екінші кезеңде ең төменгі баға анықталады.
Ол үшін барлық әлеуетті жеткізушілер ұсынған бастапқы бағалы ұсыныстар, оның ішінде лот бойынша ең төменгі баға ұсыныстары жарияланады және бағалы ұсынысты төмендету ұсынылады. Әлеуетті жеткізушілер 5 минут ішінде жаңа төмен бағалы ұсыныстарды беруге құқылы. Осылайша, Бірыңғай дистрибьютор төмендетуге арналған бағасы бар аукцион ұстанымы бойынша конкурс өткізеді.
Тегін медициналық кепілденген көлемі шеңберіндегі дәрілік заттардың тізімін әрбір атау бойынша шекті бағасын көрсетіп, Денсаулық сақтау министрлігі бекітеді.
Сондай-ақ әлеуетті жеткізушілерге бір және сол лот бойынша екі және одан да көп отандық өндірушілер әлеуетті жеткізушілер ретінде сатып алуға қатысқан жағдайда, онда тапсырыс беруші осы лот бойынша отандық өндірушілерден ғана түскен бағалы ұсыныстар қарайтыны түсіндірілді.
Бірыңғай дистрибьютор қолданыстағы заңнамаға, атап айтқанда Үкіметтің 2009 жылғы 30 қазандағы №1729 қаулысына сәйкес дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың әлеуетті жеткізушілеріне қойылатын талаптарды ұсынады.
«СК-Фармация» ЖШС 57 млрд. теңгеден астам сомаға 738 лотқа сатып алу туралы хабарландыру жасады.