Бүгін - Славян жазуы мен мәдениеті күні
АСТАНА. 24 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін - Славян жазуы мен мәдениеті күні (Қасиеті Кирилл мен Мефодий күні).
Мейрам славян халқының алғашқы ұстаздары - қасиетті тең апостолды ағайындылар Кирилл мен Мефодийдің (ІХ ғ.) құрметіне арналған. Ресейдің қазіргі күнтізбесіндегі екінші мемлекеттік-шіркеулік мейрам (Рождестводан кейін). Мейрамның шығу тарихы Х-ХІ ғасырларда Болгарияда болған шіркеу дәстүрлерінен тарайды. Қасиетті ағайындылар құрметіне арналған күнді славян халқы ескі заманда да атап өткен, бірақ тарихи және саяси жағдайлардың ықпалымен мереке өзінің мағынасын жоғалтты.
1863 жылы 11 мамырда Русьта (жаңа түрде 24 мамыр) қасиетті Кирилл мен Мефодийдің құрметіне арналған мейрамды тойлау үкімі қабылданды.