Бүгін - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің халықаралық күні
АСТАНА. Желтоқсанның 9-ы. ҚазАқпарат - Бүгін - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің халықаралық күні. Бұл атаулы күн Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен жыл сайын желтоқсанның 9-ында атап өтіледі.
2003 жылы дәл осы күні Мексиканың Мерида қаласында өткен Жоғары деңгейдегі саяси конференцияда БҰҰ Бас Ассамблеясы 2003 жылы қарашаның 1-інде қабылдаған БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясы қол қоюға ашылған болатын.
Аталмыш құжат оған қол қойған мемлекеттерді парақорлықты, бюджет қаржысын жымқыру мен заңсыз жолмен табылған табыстарды кәдеге асыруды қылмыс деп жариялауға міндеттейді.