Бүгін - Сығандардың халықаралық күні
АСТАНА. 8 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін - Сығандардың халықаралық күні.
1971 жылдың 8 сәуірінде бірінші Бүкілдүниежүзілік сығандар конгресі өткізілген болатын. Осы конгресте Бүкілдүниежүзілік сығандар одағы құрылып, әнұраны мен туы қабылданды.
Сыған туралы алғашқы естеліктер 1501 жылы сыған таборының көсемі Васильдің Литва князі Александр Казимировичтен күзет грамотасын алған кезден бастау алады. Бүгінгі таңда аталмыш мереке ірі сыған ұйымдары бар 60-қа жуық елде жыл сайын атап өтіледі.