Бүгін таңертең Алматыда 3 балдық жерасты дүмпулері тіркелді - Төтенше жағдайлар министрлігі

АСТАНА. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат - Алматыда бүгін таңертең күші 3 балдық жерасты дүмпулері тіркелді. Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәліметтер түскен жоқ,
None
None

деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.

Ведомствоның ақпараты бойынша, наурыздың 2-сі күні таңғы сағат 07.55-те Қырғыз Республикасының аумағында (ең жақын елді мекен - Балықшы ауылы) жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпуінің кіндігі Алматының оңтүстік-батысына қарай 140 шақырым қашықтықта тіркелді.

Жер сілкінісі Алматыда - 3 балл, Жамбыл облысының Мерке ауылында 2 балл шамасында сезілді.

Соңғы жаңалықтар