Бүгін таңертең Астанадағы техникалық қызмет көрсету стансыларының бірінде автокөлік жанып кетті

АСТАНА. Қыркүйектің 21-і. ҚазАқпарат - Бүгін таңертең Астанадағы техникалық қызмет көрсету стансыларының бірінде автокөлік жанып кетті.
None
None

Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлағандай, таңертеңгілік сағат 5-тен 5 минут кеткенде Сарыарқа ауданы, Көктал-1 кентіндегі Садовая көшесінде орналасқан «Витязь и К» ТҚС-та «Дайхатсу» эвакуаторы өртенген.

Тілсіз жау салдарынан ТҚС-тың 50 жастағы дәнекершісі 1 және 2-ші дәрежелі күйік жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Өртпен күреске Астана қаласы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 12 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар