Бүгін таңертең Қытайда болған жер сілкінісін алматылықтар да сезінді
ТАНА. 1 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін таңсәріде Қытай Халық Республикасының аумағында жер сілкінді, зілзала дүмпулері Алматы қаласында байқалды.
Бұл туралы ҚР ТЖМ-нан хабарлады.
«ҚР БҒМ Ғылым комитеті Сейсмикалық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің мәліметтеріне сәйкес, 1 қараша күні таңертеңгі сағат 6.21-де Қытай мемлекетінің аумағында жер сілкінді. Энергетикалық қуаты - 14,6 зілзаланың кіндігі Алматы қаласының шығысқа қарай 412 шақырым жерде орналасты. Жер асты дүмпулері Алматы қаласында MSK-64 бағаны бойынша 3 балл қуатпен байқалды. Құрбандар мен қираулар туралы мәліметтер жоқ», - делінген таратылған хабарламада.