09:48, 25 Ақпан 2009 | GMT +5
Бүгін таңғы 8-ден бастап 55 мың санақшы жұмыстарына кірісті ? селекторлық кеңес
АСТАНА. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Бүгін Қазақстанда екінші Ұлттық халық санағы басталды.
Осыған орай Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өтіп жатқан Үкіметтің селекторлық кеңесінде мемлекеттік маңызы жоғары бұл шараның қалай басталып жатқандығына байланысты мәселелер талқылануда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Бүгін таңғы сағат 8-ден бастап 55 мың санақшы жұмысқа шығып, өздерінің міндеттеріне кірісті. Еліміздің барлық өңірлерінде халық санағына байланысты дайындық жұмыстары аяқталды», - деді селекторлық кеңесте ҚР Статистика агенттігінің төрайымы Анар Мешімбаева.Оның айтуынша, 10 күнге созылатын санақ кестесінің жоспары бекітіліп, пәтер иелері коопперативі басшыларымен жұмыстар жүргізілді. «Барлық санақшылар тегін жол жүру билеттерімен қамтамасыз етілді және барша аймақтарда ішкі істер департаменттерімен бірлескен жоспар әзірленді. Бұл арада мүдделі органдармен бірлескен жұмысқа үміт артамыз», - деді агенттік төрайымы.