Бүгін таңсәріде «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Протон-М» ракета тасымалдағышымен «Глонасс» ғарыш аппараты ұшырылды
СТАНА. Қыркүйектің 2-сі. ҚазАқпарат - Бүгін, қыркүйектің 2-сі, астана уақытымен 06.54-те «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Протон-М» ракета тасымалдағышымен «Глонасс» ғарыш аппараты ұшырылды.
Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінен мәлім еткендей, ракетаның ұшырылуы штаттық кестеге сәйкес өтті.
Ұшырылумен болуы мүмкін салдарды жою үшін, қыркүйектің 2-сі 04 сағат 54 минуттан 07.54-ке дейін ТЖМ-ның Ақмола, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша департаменттерінің жеке құрылымдары мен апаттық-құтқару қызметтері жоғары дайындық режімінде болды.