Бүгін Тараз қаласында жылыту маусымы аяқталады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін түнде Тараз қаласында жылыту маусымы аяқталады. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі шаһар әкімдігінің сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабын басшылыққа алып, ауа райы температурасының бірқалыпты тұрақтануына байланысты Тараз қаласын жылумен қамтамасыз етуші кәсіпорындар 2023 жылдың 12 сәуірі күні сағат 00:00-ден бастап 2022-2023 жылдардағы жылыту маусымын аяқтайды», - делінген әкімдік хабарламасында.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Тараздағы «Таразтрансэнерго» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына тиесілі жылу желілерінің 69,2 пайызы тозған. Оның 53,9 пайызы магистарльдық болса, 71,1 пайызы ішкі кварталдық.


Соңғы жаңалықтар