Бүгін Тәжікстан Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өтеді

АСТАНА. 10 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін Тәжікстан Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өтеді, деп хабарлады «Орыс жаңалықтар қызметі».
None
None

Аталған елді қабылдау Ұйымның Женевадағы штаб-пәтерінде Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонның қатысуымен өтеді. Осылайша Тәжікстан ДСҰ-ның 158-ші мүшесі болмақ. Сауда ұйымының қатарына енуі үшін ресми Душанбе 100-ден астам нормативтік құжатты қабылдаған болатын.

«ДСҰ-ға мүше болу - Ресей, ҚХР, Қырғызстанға сияқты Тәжікстан үшінде оң фактор. Біздің көршілеріміз әрі стратегиялық әріптестеріміз қазірдің өзінде осы ұйымға мүше. ДСҰ-ға мүше болу - біз үшін стратегиялық қажеттілік», - дейді Тәжікстан Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер орталығы директорының орынбасары Сайфулло Сафаров.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан ДСҰ-ға мүшелікке өту келіссөздерін келесі жылы толығымен аяқтауды жоспарлауда.

Соңғы жаңалықтар