Бүгін Токиода әлемдегі ең биік телемұнара ашылады
АСТАНА. 22 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін келушілер үшін Жапонияның астанасында әлемдегі ең биік «Аспан ағашы» атты мұнара ашылады. Телемұнара радио арқылы хабар таратуды бастады. Жапондық телеарналар оны келесі жылдан бастап қолдана бастайды.
Келушілердің назарына дәстүрлі қарау алаңынан басқа көңіл көтеретін кешен ұсынылады. Кешен арқылы мұнараны аралап, ол орналасқан ауданның тарихтын танып-білуге болады. Сондай-ақ онда океанариум мен планетарий (планеталардың жүрісін көрсететін аспаптар ісін көрсететін арнаулы орын), дүкендер мен мейрамханалар бар.