Бүгін - Төзушіліктік халықаралық күні

АСТАНА.   Қарашаның  16-сы.  ҚазАқпарат - Бүгін - Төзушіліктің халықаралық күні. Бұл халықаралық күн 1995 жылы ЮНЕСКО-ның 28-ші Бас конференциясында (№5.61 қарары) бекітілген ЮНЕСКО-ның «Төзімділік принциптері декларациясында» салтанатты жария етілген. Атаулы мереке жыл сайын   қарашаның 16-да атап өтіледі.

Бүгін -  Төзушіліктік    халықаралық күні

 Соңғы жылдары  бүкіл әлемде   төзбеушілік,    экстремизм  және зорлық-зомбылық   көріністері күрт   көбейіп  отыр.    Көңіл алаңдататын   бұл    үдерістің салдарынан,    жекелеген  адамдар, кейде  тұтас    қауымдар   өздерінің  этникалық,  діни,  ұлттық немесе басқа да  өзгешеліктері  үшін   зорлық-зомбылыққа ұшырап   жатыр.    Мейлі    геноцид болсын  немесе    күнделікті   кемсітушілік фактілері болсын,  олардың барлығы   әрбір адамның алаңдаушылығын  туғызуы керек.

 Біздің әрқайсысымыз  төзушілік,  өзара   құрмет  және бейбіт жағдайда    қатар   өмір сүру қағидаларын     қолдауға талпынуымыз  керек.