18:50, 16 Қараша 2011 | GMT +5
Бүгін түнде Алматыдағы «Строй сити» сауда үйі жанды
АСТАНА. 16 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін түнде, қырықтан астам құтқарушы Алматы қаласындағы «Строй сити» сауда үйінде тұтанған өртпен күресті. ҚР ТЖМ-ның баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек,
сейсенбіден сәрсенбіге қараған түні, сағат 2 жарымда «Строй сити» сауда орталығының аумағында орналасқан құрылыс заттардың дүңгіршектері өртене бастады. Төтенше жағдайды жоюға ҚР ТЖМ Алматы қаласы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 35 адамы мен 9 техникасы жұмылдырылды. Жалын 42 минутта ауыздықталды.