08:28, 05 Желтоқсан 2011 | GMT +5
Бүгін түнде «Астана Пласт-2002» ЖШС-да ірі өрт болды
АСТАНА. 5 желтоқсан. ҚазАқпарат - 5 желтоқсан күні түнде, Астана қаласының Алматы ауданында орналасқан «Астана Пласт-2002» ЖШС-ның жиһаздар сақталатын қоймасында ірі өрт болды.

ҚР ТЖМ таратқан хабарламаға сүйенсек, тілсіз жау елордалық Төтенше жағдайлар департаменті өртке қарсы қызметінің 52 адамы мен 12 техникасының күшімен жарты сағатта ауыздықталды. Жалынның шарпыған жалпы аумағы 500 шаршы метрді құрады.
Құтқарушылар анықтағандай, құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.