Бүгін - Түрікменстанның Тәуелсіздік күні

АСТАНА. 27 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Түрікменстан Республикасының Мемлекеттік мейрамы - Тәуелсіздік күні (1991).

Бүгін - Түрікменстанның Тәуелсіздік күні

Түрікменстан Республикасы - Орталық Азияда орналасқан мемлекет. Батысында Каспий теңізімен шектесіп жатыр. Ресми тілі - түрікмен тілі. Астанасы - Ашғабат қаласы. Мемлекет басшысы - президент. Жоғары өкілетті органы - халық мәслихаты.

Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы 5 қазанда орнатылды.