Бүгін түстен кейін Астанаға Путин келеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Астанаға түстен кейін ұшып келеді деп күтілуде. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне ҚР СІМ хабарлады.

 Бүгін түстен кейін Астанаға Путин келеді

Атап өтсек, Владимир Путин 8-9 маусымда Астанада өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің кезекті отырысына қатысады. 

Кремль баспасөз қызметінің деректеріне сәйкес Владимир Путин бірқатар мемлекеттер көшбасшыларымен екіжақты кездесулер өткізеді.   «ЭКСПО-2017» көрмесінің ашылу рәсіміне қатысады.

Еске салсақ,  саммит барысында ШЫҰ қызметінің мәселелерін талқылау және Ұйым үшін маңызды - Үндістан мен Пәкістанға толыққанды мүше мәртебесін беру туралы шешім қабылдау жоспарлануда.