Бүгін - Тұтынушылар құқығын қорғаудың дүниежүзілік күні

АСТАНА. 15 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін әлемде Тұтынушылар құқығын қорғаудың дүниежүзілік күні атап өтіледі.
None
None

Ол АҚШ Президенті Джон Ф.Кеннедидің 1961 жылы Конгрессте сөз сөйлеуінің құрметіне бекітілді. Президент өз сөзінде тұтынушының негізгі төрт құқығына назар аудартты: қауіпсіздікке құқық, ақпаратқа құқық, таңдау құқығы және уәжіңді естірте алу құқығы.

Кейіннен оларға тағы төртеуі қосылды: шығынды өтеп алу құқығы, тұтынушылық білімге құқық, базалық қажеттіліктерді қанағаттандыру құқығы және таза қоршаған ортаға құқық.

Бұл күн алғаш рет мерекелік даталардың халықаралық күнтізбесінде Тұтынушылар құқығын қорғаудың дүниежүзілік күні ретінде бекітілген - 1983 жылдың 15 наурызында атап өтілді.

Соңғы жаңалықтар