Бүгін Украинада - Аза тұту күні

АСТАНА. Қазанның 13-і. ҚазАқпарат - Днепропетровск облысындағы қайғылы оқиғаға байланысты қазанның 13-ін Аза тұту күні деп жариялау туралы жарлыққа ел президенті В.Янукович кеше қол қойды,

Бүгін  Украинада - Аза тұту күні

деп хабарлайды РБК агенттігі.

Естеріңізге сала кетейік, қазанның 12-сі күні Днепропетровск облысының Никопольский ауданындағы Максимовка селосының маңында, Марганец-Николполь теміржол өткелінде манервлік локомотив пен жолаушылар автобусы соқтығысып, апат салдарынан 43 адам мерт болған еді. Сегіз адам ауруханада жатыр, олардың төртеуі - ес-түзсіз.