Бүгін Украинадағы жағдай бойынша НАТО саммиті өтеді

МИНСК. ТАСС-ҚазАқпарат – Бүгін Мәскеу уақыты бойынша 17.00-де Украинадағы жағдай бойынша НАТО-ның шұғыл саммиті өтпек. Бұл туралы АҚШ президенті Джо Байденнің жұмыс кестесінде көрсетілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Бүгін Украинадағы жағдай бойынша НАТО саммиті өтеді

«9.00. Президент НАТО-ға мүше елдердің басшыларымен Украинадағы және оның айналасындағы қауіпсіздік мәселесін талқылау үшін бейнеконференция форматында шұғыл саммитте кездеседі», - делінген құжатта.

Келіссөздер жабық форматта өтеді.

Бұдан бұрын АҚШ басшысы Солтүстік Атлантикалық альянстың саммитте әрі қарай өз қызметін нығайту мәселелерін қарастыратынын айтқан. Одан бөлек, кездесуге НАТО-ға мүшелік етпейтін Финляндия мен Швеция шақырылды.


календарь күнтізбе
Ұқсас жаңалықтар

4 мамыр. Kazinform күнтізбесі. Жылнама