Бүгін Үндістан Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні

АСТАНА. 15 тамыз. ҚазАқпарат - Бүгін Үндістан Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1947). Үндістан - Оңтүстік Азияда орналасқан мемлекет.

Бүгін Үндістан Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні

Солтүстігінде Қытай, Непалмен, солтүстік-батысында Пәкістан, Ауғанстанмен, солтүстік-шығысында Бангладешпен, шығысында Бутан, Бирмамен (Мьянма) шектеседі. Мемлекет құрамына Араб теңізіндегі Лаккадив, Аминдив, Бенгаль шығанағындағы Андаман, Никобар аралдары да кіреді. Халқының саны жағынан Қытайдан кейінгі екінші орында. Астанасы - Дели қаласы. Ресми тілі - хинди, ағылшын тілдері, сондай-ақ әртүрлі штаттарында мемлекеттік тіл дәрежесінде қолданылатын 10-нан астам тіл бар. Жалпы Үндістанда 1600-дан астам тіл мен диалекті бар. Үндістан 25 штаттан және 7 одақтас аумақтан тұратын Федеративті Республика. Әр штатының және кейбір одақтас аумағының министр басқаратын үкіметі және заң шығару жиналысы бар. Үндістанның мемлекет басшысы - Премьер-Министр. Ақша бірлігі - рупий.

Қазақстан Республикасы мен Үндістан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы 23 ақпанда орнатылды.