Бүгін Үндістанда Жаңа жылдың басталуы тойланады

АСТАНА. 13 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін Үндістанда Жаңа жылдың басталуы мерекеленеді. Бұл күнді үнділер жаңа жылдың басы деп белгiлеген.

Бүгін   Үндістанда Жаңа  жылдың басталуы  тойланады

Үнділердің бірнеше мың жылдар бойы жалғасып келе жатқан сенімі бойынша, Құдай ана - Ганга дәл осы күні аспаннан жерге түскен. Сол үшін олар сәуірдің 13-де қасиетті Ганга өзенінің жағалауында суға түсу үшін жиналады.