11:40, 07 Қазан 2012 | GMT +5
Бүгін Венесуэлада президенттік сайлау өтеді
АСТАНА. 7 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Венесуэлада кезекті президенттік сайлау өтеді,

деп хабарлады ресейлік жаңалықтар қызметі.
Бұл саяси науқанға қатысу үшін оңтүстікамерикалық республиканың шамамен 19 млн. тұрғыны тіркелген. Сайлау кезіндегі қауіпсіздікті 139 мың әскери қызметкер қамтамасыз ететін болады. Әскери шолғыншылар елдің барлық аумағын қамтиды. Жалпы 13 мыңнан астам сайлау учаскелері жұмыс істейтін болады.
Айта кетерлігі, мемлекет басшысы лауазымына алты адам үміткер болғанымен негізгі бәсеке қазіргі президент Уго Чавес пен Демократиялық бірлік оппозициялық блогы атынан кандидат Энрике Каприлес арасында өтеді.