Бүгін Венгрияда жаңа президент сайланады

АСТАНА. 2 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін, 2 мамыр күні Венгрияның мемлекеттік жиналысы (парламент) елдің жаңа президентін сайлау үшін Будапештте  пленарлық отырысқа жиналады.

Бүгін Венгрияда жаңа президент сайланады

Күтіліп отырғандай, 1992 жылы ғылыми диссертациясын жазу кезінде шығармашылық ұрлық жасағаны анықталып, және сол үшін қызметінен кетуге тура келген бұрынғы президент Паль Шмидтің орнына жалғыз үміткер - Еуропарламенттің 52 жастағы депутаты Янош Ядер болады.

Адердің кандидатурасын құқықтық-консервативтік коалицияның көшбасшысы, Венгия премьер-министрі Виктор Орбан ұсынды. Венгрия Үкіметі басшысының пікірінше, ол таңдаған кандидат Венгриядағы «қауіпсіздік пен нақтылыққа» кепіл бола алатын, сондай-ақ «конституциялық құрылыстың нығаюын» қамтамасыз ете алатын тұлға болып табылады.