Бүгін волейболдан XV Азия чемпионатының ширек финалында еліміздің ойыншылары Қытай құрамасы мен кездеседі
АЛМАТЫ. Қыркүйектің 2-сі. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Филиппинде өтіп жатқан волейболдан XV Азия чемпионатында Қазақстан құрама командасы жақсы көрсеткіштерге қол жеткізіп, үздік сегіз команданың қатарынан көрінді.
Бүгін еліміздің ұлттық құрама командасы ширек финалда ең мықты командалардың бірі - Қытай құрамасымен кездессе, ертең Иран командасымен сынға түседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Волейбол федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.