Бүгін - Ядролық қару-жараққа қарсы жұмылудың халықаралық күні

АСТАНА. Қаңтардың 28-і. ҚазАқпарат – Бүгін - Ядролық қаруға қарсы жұмылудың халықаралық күні. 1985 жылы Үндістан, Аргентина, Грекия, Мексика, Танзания және Швецияның мемлекет және үкімет басшыларының Делиде өткен кездесуінде Дели декларациясы қабылданған болатын.

Бүгін  - Ядролық қару-жараққа қарсы жұмылудың  халықаралық  күні
Онда ядролық қаруы бар ірі мемлекеттерді, басқа да елдердің парламенттері мен үкіметтерін ядролық қаруды көбейту ісіне қарсылық білдіруге шақырылған еді.