Бүгін Юрмалада жас орындаушылардың «Жаңа толқын» халықаралық байқауы ашылады
АСТАНА. 24 шілде. ҚазАқпарат - Латвияның Юрмала қаласында бүгін 11-ші жас орындаушылардың «Жаңа толқын 2012» халықаралық байқауы ашылады.
Биыл байқауға 14 мемлекеттен 16 орындаушы қатысады, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.
Бұл өнер сайысына дайындық бір апта бұрын басталған болатын. Қатысушылар алдын ала Юрмалаға ертерек келіп, таңертеңнен кешке дейін танымал режиссер-қоюшы Александр Ревзиннің басшылығымен әзірленді.
Аталмыш байқау дәстүрлі түрде Юрмаланың "Дзинтари" концерт залында өтеді, ол 29 шілдеге дейін жалғасады.