Бүгін - Жапонияның Хиросима қаласына атом бомбасы тасталған күн

АСТАНА. 6 тамыз. ҚазАқпарат - Бүгін - Хиросима күні және Ядролық қаруға  тыйым салу үшін күрестің  бүкіләлемдік  күні.
None
None

1945 жылы 6 тамызда АҚШ ұшқышы Томас Фереби басқарған «Энола Гей» атты Б-29 әскери ұшақ Жапонияның Хиросима қаласына әлемдегі ең бірінші атом бомбасын тастады. Тарих қойнауына жүгінсек, осынау адамзат тарихындағы ең жауыздық іс-әрекетке барудың американ әскері үшін ешқандай қажеттілігі болмаған. Себебі соғыстың соңына қарай Жапония армиясы талқандалып, Тынық мұхиты айдынында АҚШ-қа еш қауіп төндірмеген. Ал бомба тастау үшін Хиросиманы арнайы таңдап алуы қаланың географиялық орналасуы, үш жағынан тау қоршап тұратындығы себеп болған. Бұл 20 килотонналық уран бомбасының өз күшін толық пайдаланып, ажал уын себуіне таптырмайтын нысана еді.

Соңғы жаңалықтар