Бүгін «Жауапты хатшылар туралы» жарлық күшіне енеді

АСТАНА. 26 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін «Жауапты хатшылар туралы» жарлық күшіне енеді. Бұл туралы Астанада ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің дәстүрлі апталық брифингінде Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Әлихан Бәйменов осылай мәлім етті.
None
None

«Мемлекеттік органдардағы Жауапты хатшыларды Елбасы тағайындайды. Сондай-ақ, бүгін «Жауапты хатшылар туралы» Жарлық өз күшіне енеді. Соған сәйкес, Жауапты хатшы лауазымы «А» корпусына ауыстырылады. Осы лауазымға Мемлекет басшысы тағайындау жасайтындықтан, бұл лауазымдармен еңбек келісімшартын жасасу құқығы Президент Әкімшілігінің Басшысына берілген», - деді Ә. Бәйменов.

Оның сөзіне қарағанда, қазіргі таңда барлық Жауапты хатшылармен келісімшарт жасалған. Онда қазіргі Жауапты хатшылар да, осы лауазымға үміткер тұлғалар да 6 ай ішінде «А» корпусының кадрлық резервіне өтуі шарт. Ал осы резервшілер пулы қалыптасқан соң, олардың арасынан Президент Әкімшілігі кандидаттарды іріктеп, Мемлекет басшысының қарауына ұсынатын болады. Бұл тәртіп «А» корпусына кіретін санаттың бәріне жүреді.

Соңғы жаңалықтар