10:05, 03 Наурыз 2009 | GMT +5
Бүгін ? Жазушылардың дүниежүзілік күні
АСТАНА. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат – Бүгін - Жазушылардың дүниежүзілік күні. Бұл атаулы күн Халықаралық Пен-клубтың 48-ші конгресінің шешімі негізінде атап өтіледі.
Клуб 1921 жылы құрылған. Ұйымның атауы ағылшынның poets ? ақындар, essayists ? очеркшілер, novelists ? романшылар сөздерінің бастапқы әріптерінен құрылған. Сонымен қатар «pen» сөзі ағылшын тілінен аударғанда «қаламсап» деген мағына береді. Ұйым атауы ағылшындық жазушы Кэтрин Эми Доусон-Скоттқа тиесілі. ПЕН-клубтың алғашқы президенті ? Джон Голсуорси. 1923 жылы Лондонда ПЕН-клубтың алғашқы халықаралық конгресі өтті. Ол кезде ПЕН-орталық әлемнің 11 елінде бар болатын. Бүгінгі таңда олар әлемнің 140 елінде, оның ішінде Қазақстанда да бар. ПЕН-клуб ? халықаралық жазушылар бірлестігі, оның Хартиясында «әр елдің ішіндегі және барлық елдер арасындағы ақпарат бостандығы принциптерін қорғауға жақтасу» деп көрсетілген.