Бүгін - жазушылардың дүниежүзілік күні
ПЕН-клубтың негізі 1921 жылы қаланды. Ұйымның атауы - ағылшын сөзінің бірінші әрпінен құралған poets - ақындар, essayists - эссешілер, novelists - новеллашылар аббревиатурасы. Бұл жағдайдың аббревиатурасы ағылшын тілінен аударғанда pen - қалам сөзінің сәйкес келуін ескерте кету керек.
Қазақстанда 750 отандық кәсiби әдебиетшілерді бiрiктiретiн қоғамдық, шығармашылық ұйым - Қазақстан Жазушылар одағы жұмыс істейді.
Қазақстан Республикасы Жазушылар одағының бастауында мемлекет және қоғам қайраткері, жазушы Сәкен Сейфуллин тұрды. 1925 жылы республикада жас дарындарды біріктіретін және оларды қолдайтын Қазақстанның пролетарлық жазушылар қауымдастығы құрылды, ол 1934 жылы Қазақстанның кеңес жазушылары одағы болып өзгертілді.
Бұл ұйымды 80 жыл бойы біздің республикамызда Жазушылар одағының басқармасын Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Ғаббас Тоғжанов, Сәбит Мұқанов, Мұхамеджан Қаратаев, Дихан Әбілев, Әбділда Тәжібаев, Ғабиден Мұстафин, Ғабит Мүсірепов, Әди Шәріпов, Әнуар Әлімжанов, Жұбан Молдағалиев, Олжас Сүлейменов, Қалдарбек Найманбай басқарды. Қазіргі таңда Нұрлан Оразалин төрағалық етеді.
Бүгін Жазушылар одағы - Қазақстанның бұрыннан келе жатқан бірлестіктерінің бірі. Жазушылар одағының құрамында - қазақ, орыс, ұйғыр, немiс және кәрiс әдебиетінің шығармашылық секциялары, Қарағандыда, Семейде, Оралда, Астанада, Шымкенте 5 облысаралық бөлiмшелері бар.