Бүгін - Жол полициясы қызметкерлерінің күні

ТАНА. 23 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін - Жол полициясы қызметкерлерінің күні. Қазіргі тәуелсіз Қазақстанның жол тәртібін қамтамасыз ету қызметі 1992-ші жылғы 23 қарашада өзінің жаңа қызметін бастады.
None
None

Бұл күні ҚР Министрлер кабинеті Қазақстан Жол полициясын құру туралы қаулыны бекітті.

Бұл тек қарапайым атауын өзгерту ғана болып қойған жоқ, қызметтегі басым міндеттер де өзгерді. Қазіргі жол полицейлерінің міндеттері - қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыспен күрес, жол қозғалысындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етумен қатар жолдарда кездесетін қылмыстық озбырлықтардан азаматтарды қорғау.

Соңғы жаңалықтар