Бүгін - Жұқтырылған қорғаныш тапшылығы белгісі індетіне қарсы күресудің халықаралық күні

АСТАНА. 1 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін - Жұқтырылған қорғаныш тапшылығы белгісі індетіне қарсы күресудің халықаралық күні.

Бүгін  - Жұқтырылған  қорғаныш тапшылығы  белгісі  індетіне   қарсы күресудің  халықаралық күні

Бұл атаулы күнді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) жариялаған.

1988 жылы барлық елдердің денсаулық сақтау министрлері тарихи кездесу өткізді. Тарихи болатын себебі, онда алғаш рет көпшілікті терең толғандырып жүрген ЖҚТБ ауруы туралы сөз болды. Дәл сол кезден бастап, желтоқсанның 1-і - ЖҚТБ-ға қарсы күрес күні деп белгіленді.

АҚШ-тың Ауру-індеттерді бақылау орталығы Жұқтырылған қорғаныш тапшылығы белгісі (СПИД) індетін алғаш рет 1981 жылы 5 маусымда тіркеген болатын.