Бүгін - Жұмыс орындарындағы қауіпсіздік пен денсаулықтың дүниежүзілік күні
АСТАНА. Сәуірдің 28-і. ҚазАқпарат - Бүгін - Жұмыс орындарындағы қауіпсіздік пен денсаулықтың дүниежүзілік күні. Бұл атаулы күн Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) ұсынысымен атап өтіліп келеді.
Халықаралық ұйымның мәліметтері бойынша әлемде әрбір 15 секунд сайын жұмыс орнындағы жазатайым оқиғалардан немесе кәсіби аурулардан 1 адам көз жұмады, 160 адам әлдеқандай бақытсыз жағдайға душар болып жатады екен.
Бүгін сондай-ақ, Еңбекті қорғаудың дүниежүзілік күні. Бұл күн әлемнің 100-ден астам елінде, оның ішінде Қазақстанда да атап өтіледі.
Аталмыш күнді атап өту идеясы 1989 жылы американдық және канадалық жұмысшылардың қаза тапқан жұмысшыларды еске алу мақсатында өткізген күннен (the Workers Memorial Day) бастау алады және 2001 жылдан бастап жыл сайын атап өтіледі.