Бүгін - Жұмыс орындарындағы қауіпсіздіктің және денсаулықты қорғаудың дүниежүзілік күні

АСТАНА. 28 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін - Жұмыс орындарындағы қауіпсіздіктің және денсаулықты қорғаудың дүниежүзілік күні.
None
None

Бұл атаулы күн Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) ұсынысымен өткізіледі.

Аталмыш Ұйымның мәліметтері бойынша әлемде әрбір 15 секундта жұмыстағы жазатайым оқиғалардан немесе кәсіби аурулардан 1 адам қайтыс болады, 160 адам әлдеқандай бақытсыз жағдайға душар болып жатады екен.

Бүгін сондай-ақ Еңбекті қорғаудың дүниежүзілік күні.Бұл күнәлемнің 100-ден астам елінде атап өтіледі. Аталмыш күнді атап өту идеясы 1989 жылы американдық және канадалық жұмысшылардың қаза тапқан жұмысшыларды еске алу мақсатында өткізген күннен (the Workers Memorial Day) бастау алады және 2001 жылдан бері жыл сайын атап өтіледі.

Соңғы жаңалықтар