Бүгін - Жұмыссыздықтан қорғау күні
АСТАНА. 21 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін - Жұмыссыздықтан қорғау күні.
Бұқаралық ақпарат құралдарының бастамасы бойынша 1992 жылдың 21 мамыры, жалпы және тіркелетін жұмыссыздық санының арту проблемасына қоғамның назарын аударту мақсатында - Жұмыссыздықтан қорғау күні деп жарияланды.
Жұмыссыздық біліктіліктің жоғалуына, психологиялық проблемалардың туындауына және сәйкесінше, еңбек нарығында әлеуметтік шиеленістің артуына алып келеді.
Халықаралық еңбек ұйымының мәліметтері бойынша әлем бойынша жұмыссыздардың саны миллиард адамға жетеді. Бұл ғаламшардағы жұмыс күшінің үштен біріне тең.