Бүгін журналистер арасында шахматтан турнир өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 11 шілде күні Жансая Әбдімәліктің Алматы қаласындағы шахмат академиясында «Қазақ газеттерінің» 15 жылдығына орай «Ақиқат» қоғамдық-саяси журналының жүлдесі үшін журналистер арасында дәстүрлі шахмат турнирі өтеді.
Турнирге сайт арқылы және телефонмен хабарласқандар алдын ала жазылды. Әзірге барлығы 26 адам тіркелді. Олардың ішінде «Тенгри» журналынан - Т.Әбдрахимов, «Би-ньюс» порталынан - Н.Рамазанова, «Заң» газетінен - Б.Әшірбаев, О.Сахидәулетұлы, ҚазҰТУ-дан- Д.Кұмар, Б.Кәкімұлы, С.Рахымбеков, Т.Бегімов, «Қазақ спорты» газетінен - З.Жекейұлы, «Казахстанская правда» газетінен - В.Масин, ардагерлер Ғ.Тәшімбай, Ж.Әнесұлы, «Ақиқат» журналынан А.Әлім, Ә.Бәкіров, «На страже» газетінен - Т.Жалмұхамед, Қазақ радиосынан - А.Жоламанов, «Қазақ газеттерінен» Ф.Нәлібаев, «Ұйғыр авази» газетінен - И.Баратов, «Экономика» газетінен - А.Шопан, «Ана тілі» газетінен - Н.Құмар, Б.Нәлібаев, «Дала мен қаладан» - А.Беков бар.
Биылғы шахмат турнирінің бас демеушісі - Тұңғыш Президент қорының білім беру қоры. Жеңімпаздарға ноутбук, диктофон сияқты бағалы сыйлықтар табыс етіледі. Еліміздің бұқаралық ақпарат құралдарында қызмет істейтін барлық әріптестерімізді ақылдылардың ойынында бақ сынауға шақырамыз. Шахмат турниріне қатысамын деушілерге есік ашық, деп хабарлайды qazaq-alemi.kz.