Бүгін - Зияткерлік меншік құқығының дүниежүзілік күні

АСТАНА. 26 сәуір. ҚазАқпарат - Жыл сайын 26 сәуір күні Зияткерлік меншік құқығының дүниежүзілік күні атап өтіледі.

Бүгін - Зияткерлік меншік құқығының дүниежүзілік күні

Зияткерлік меншік құқығы дүниежүзілік ұйымының Бас ассамблеясы 1999 жылдың қазанында өткен отырыс барысында бұл датаны бекіту туралы шешім қабылдады. Бұл аталмыш дүниежүзілік ұйымның құрылған күні.

Шығармашылық пен білімнің нәтижесі ретінде патенттер, тауар белгілері, авторлық құқық және аралас құқық бүтін әлемдік қауымдастықтың экономикалық және мәдени дамуына үлес қосатын қуатты тетіктер болып табылады.