Бүгінде адамның үнемі Айда болуы туралы сөз қозғалып отыр - Ресей ғарыш агенттігі

Қонатын орны Оңтүстік полюс аймағы болмақ. Ғалымдардың мәліметіне сүйенсек, мұздың ең көп мөлшері сол жерде, деп хабарлайды Ресей ғарыш агенттігінің баспасөз қызметі.
Бүгінде Ай айналасындағы дүрлігу қайта күшейіп тұр. Кейіннен ашылған жаңалықтар да қызықтыра түсті. Жақында ғана американдық ғарыш серігіне орналастырылған ЛЭНД ресейлік құрылғысы Айда су бар екенін көрсеткен болатын.
Қазір көптеген ғарыш агенттіктері Айды қоныстандыру жоспарларын ойластырып жатыр. Бұл жуықта Германияда өткен әуе ғарыштық көрмесінен ерекше байқалды. Жаһандық жылыну айқын белгі - адамзат үшін қосымша басқа ғаламшар қажет.
«Луна-Глоб» алғашқы құрылғысы 2015 жылы ұшырылады, - дейді бас құрастырушының орынбасары - «С.А. Лавочкин атындағы ҒӨБ» ФМУК ТКБ басшысы Максим Мартынов, - ол көрсетуші құрылғы ғана. Ол біздің Айға қона алатындығымызды, жеңіл қону технологияларын көрсетуі тиіс. Және 2017 жылы оның негізінде толық өлшемді үлкен құрылғы жасалып, үлкен ғылыми құрылғылар кешенімен Айға ұшырылады».
Бүгінде адамның үнемі Айда болуы туралы сөз болып отыр. Алғашқы қоныстанушылар әзірге автоматтар болмақ. Кейіннен адам да қоныстандырылады. Соңғы кезде көп айтылып жүрген Ай құрылысы халықаралық болуы әбден мүмкін. Неміс әуе-ғарыш орталығында қазірдің өзінде ресейлік ай бағдарламасына қызығушылық танытты.
BNews.kz