12:11, 11 Наурыз 2009 | GMT +5
Бүгінде әлемдік қаржы жүйесі қазіргі заманғы сұраныстардан қалыс қалып отыр
АСТАНА. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Мемлекет бүгінде дағдарысқа қарсы бағдарламасы аясында 18 миллиардқа жуық АҚШ долларын бөлді. Бұл туралы бүгін Астанадағы ІІ Астаналық экономикалық форумда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Астаналық экономикалық форум өте қиын кезеңде өтіп жатқанына тоқталған Мемлекет басшысы, «Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып әлемдік дағдарыстың әсерін сезінді. Алайда біз осы тектес қиындықтардан өту бағытында көп жұмыстарды атқаруға үлгердік. Атап айтқанда, Қазақстан қаржылық мығымдылықтың тиісті қорын құрды. Бірінші кезекте Ұлттық қорда жинақталған қаржыны айтуға болады», - деді.
Қазақстанда бүгінде дағдарысқа қарсы айқын бағдарлама бар екендігін жеткізген Елбасы, «біз осы мақсаттарға 18 миллиардқа жуық АҚШ долларын бөлдік. Бұл еліміздегі ІЖӨ-нің 14 пайызын құрайды», - деді.
«Бүгінде әлемдік қаржы жүйесі қазіргі заманғы өмірдің сұраныстарынан қалыс қалуда. Бұл бүкіл әлемнің дамуын тежеп келеді», - деп қадай айтты Мемлекет басшысы өз сөзінде.