Бүгінде Алматы субұрқақтарға толы, көгалдандырылған, таза өзенді, гүлденген қалаға айналуда - қала әкімі А.Есімов

«Әкімшілік бұл орайда, қоғамдық көліктердің экологиялық таза жанармайлармен жүруін қарастыруда. Бұл үшін арнайы муниципиалды парк құрылды. Экологиялық таза газбен жүретін 200 автобус сатып алынды. Келесі жылы көктемде 200 заманауи троллейбустарды сатып алуды жоспарлап отырмыз. Шығыс айналама жолы құрылысы да бітуге жақын қалды. Ол ашылса, қаланың орталықтарына түсетін салмақты азайтатын болады. Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай, метрополитен қолданысқа берілетін болады. Қазір метро құрылысының 2 кезеңі басталып кетті. Бұнымен қатар, Республика Сарайы кешенді жөндеуден өткізілуде»,-деді қала әкімі.
Қала басшысы сонымен қатар, қаланы көгалдандыру мен абаттандыру жұмыстары қазіргі уақытта да жалғасын тауып жатқандығын атап өтті. «Жыл басынан бері 20 мың ағаш отырғызылып, 180 мың шаршы метрге гүлдер егілді. Бұл көрсеткіш өткен жылға қарағанда төрт есеге көп. Жылдың соңына дейін 7 мың ағаш отырғызылатын болады. Бұл орайда, бір қуантарлығы бүгінде Алматы қаласында жеке гүл өсірумен айналысатын ұйымдар көбейді. Бүгінде Алматы субұрқақтарға толы, көгалдандырылған, таза өзенді, гүлденген қалаға айналуда»,-деп атап өтті А.Есімов.